Skip to content

Мектеп тарихы

№ 38  орта мектептің негізі 1929 жылы «Шымбөгет» колхозы 

құрылған кезде қаланды. Алғаш бастауыш мектепте 

   пайдалануға Тәжібаев Қыстаубайдың   тұрғын  үйі берілді.       

 1930 жылы  жеті жылдық, 1942 — 1943  оқу жылынан бастап орта мектеп болып қайта құрылды.

 1946 жылы «Аққұм»  колхозының орталығына он жылдық мектептің  жаңа үйі салынып, мектеп жаңа жерге  көшірілді. Сол уақыттан бастап білім ордасы «Шымбөгет» мектебі деп аталынады. 1973 жылы мектеп жаңа ғимаратқа орналасады

Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  2003 жылы            3 қазандағы № 1021 қаулысымен Жалағаш ауданының  Аққұм ауылындағы № 38 орта мектебіне Социалистік  Еңбек Ері Алдаберген Бисеновтің  есімі берілді.

«Шымбөгет»  мектебінің тарихында мектеп директоры болып  төмендегі азаматтар еңбек етті:

1 .Тағанов Әбдіхалық
2. Иманбеков Сарыбай
3. Өтепов Нұрғали
4. Ыбыраев Құрмаш
5. Бәйімбетова Нәзира

  1. Ұстабаев Жүсіпәлі
    7. Асанбек Оспанов
  2. Ахметов Әмірғали
    9. Құдайбергенов Әбілдә
  3. Науанов Мәлік
  4. Жанақбаев Сәруар
    12. Меңлібаев Әлихан
    13. Өрікбаев Сейфулла
    14. Тұрлашев Тұрсынбек
    15. Құрбанов Шымберген
  5. Қаниева Гүлжан
    17. Мұстаяпов Болат
  6. Құлмаханова Гүлзира 

№38 “Шымбөгет” орта мектебі 1976 – 1977 оқу жылынан бастап “Үлгі тірек” мектебі атымен таныла бастады. Осы уақыттар ішінде білікті ұстаздар мен ізденімпаз мұғалімдер адал еңбектерімен танылды. Айтылған сөзімізге  1974 – 1984 оқу жылдары аралығында бастауыш сынып пен бірлестік жетекшісі, білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін “Қазақстан Республикасы білімі беру ісінің үздігі” белгісімен марапатталған ұлағатты ұстаз Үмітшақ  Тоқанованың баянды жолы  дәлел бола алады. Бұдан да басқа Дәкіш Ыбыраев, Бектай Ешпанов, Оразкүл Мамытова, Қали Аяпов, Қалыбай Бекенов, Қожахат Әшірбаев, Сақыпжамал Мергенова, Мусабек Райбеков, Алтынбас Байжанов, Байнияз Терекбаев, Сағынай Үсенов, Жаппасбай Қалабаев, Науқанбай Шуақбаев, Төлешбай Шілдебаев, Гүлжаһан Күзембаева, Күләш Қалиева, Ақкүлтан Көбегенова, Байділда Сәрсенов, Қуанышкүл Қалтаева, Шәкизада Маққалиева, Сәуле Рысбаева, Гүлжан Қаниева, Нағима Ярова сынды ұстаздардың саналы ғұмырлары білімді де тәрбиелі ұрпақ өсіруге арналған.