Skip to content

Аймақтық семинар

2024 жыл 10 сәуір күні Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектебінде «Педагогтердің әлеуетін көтеруде кәсіби тәжірибесін жетілдіру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұрбол Асанұлы және №33,124,203,232 орта мектептің мұғалімдері қатысты.
🔰Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге, педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдайлар жасау, инновациялық белсенді әдістерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеруге ықпал ету.
📌Семинарда ғылыми -әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары С. Сариева «Lesson Study» сабақты зерттеу мектеп тәжірибесін
таныстырып өтті.
📌Бастауыш сынып мұғалімі А. Исахожаева 4 «Б» сыныпқа «Ғарыш жолы жалғасады» тақырыбында LS- дің 1-ші сабағын
📌математика пәні мұғалімі М. Ұзақ — «Тригонометриялық өрнектерді тепе — тең түрлендіру» тақырыбында LS- дің 3-ші сабағын өткізді.
📌Бақылаушылар сабаққа дейінгі және сабақтан кейінгі рефлексия жасады.
📌Ағылшын тілі пәнінен Б. Бағила «Sports in Kazakhstan» тақырыбындағы ҚМЖ- ны құрастырып, зерттеу топтарымен бірлесіп жоспарлады. 📌»Ұлттық құндылық оқушы көзқарасымен» тақырыбында 11- сынып оқушыларымен Б. Қырғызбай дебат жүргізді.
📌»Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында М. Ұзақ «Оқы! Ойлан! Орында!» тақырыбында библиокросс өткізді. Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Н. Абайұлы өтілген шараның жүйелі жұмыстарына оң бағасын беріп,тәжірибе алмасуға мол мүмкіндіктер болғанын айтып,ұйымдастырушыларға,мектеп әкімшілігіне,жұмыс көрсеткен әріптестерге алғыс білдірді. № 33, 124, 203, 232 мектеп мұғалімдері өз ой-пікірлерін білдіріп,кері байланыс берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *