Skip to content

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы.

Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектепте 5-7 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ата-аналарды қолдау педагогикалық ұйымының» «Әр нәрсенің өлшемі бар….. «Қажет» пен «қалау» арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтауға болады?» атты №7 сабағы өтілді.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың жасөспірімнің талаптары мен қалауы арасындағы тепе-теңдікті ұстау қабілетін дамыту, ата-аналар мен балалар арасындағы жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту
Сабақ барысы:
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында ата-аналар тренинг бойынша амандасу өтті. Алдымен тақырып бойынша видеоролик көрсетіліп, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Топтарға жағдаяттар жазылған кейс беріліп, әр топ постер қорғады.
Сабақ барысында «Қажет/Қалау» тренингі, «Сауалнама» сұрақтары, «Қима қағаздары» ойыны қарастырылды.

Ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы негізгі түсініспеушіліктер үлкендердің талаптары балалардың қалауына сәйкес келмейтіндіктен туындайды. Бұл жағдайдағы басты міндет – екі жаққа да сәйкес келетін шешім табу. Балаларымыздың болашақ жарқын өмірі үшін қалау мен қажетті ажырата білейік.

#38тәрбие
#білімкзо
#біртұтастәрбие

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *